ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында 14 балалар және 8 спорт ойын алаңшасы орнатылды

0
867

Қалған 6 балалар ойын алаңшасының құрылысы жалғасуда.


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында 14 балалар және 8 спорт ойын алаңшасы орнатылды

Биыл Шымкент қаласындағы Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар және 12 спорт алаңшасын орнату жоспарланған.

Қазіргі уақытта 14 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олар:
1. Бәйдібек би даңғылы №246
2. Отырар ш/а №52
3. Жарқынбеков көшесі №17
4. Ақжар е/м, жаңақұрылыс аумағы
5. Ақтас е/м Дос аялдамасы
6. Арғымақ е/м, атауы жоқ көше
7. Қазығұрт е/м Шуақты көшесі
8. Мангельдин көшесі №40 үй
9. Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі
10. Құрсай е/м Құлаңтөбе көшесі
11. Құрсай е/м Егізтөбе көшесі
12. Рысқұлов көшесі №2
13. Құрсай е/м Қарашығанақ көшесі
14. Жаңаталап е/м Қабылсай көшесі
Қалған 6 балалар ойын алаңшасының құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, жоспарланған 12 спорт алаңшасының бүгінде 8-нің құрылысы аяқталған. Бұл нысандар да биыл тапсырылады.
Бөлісу