ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй сертификаты арқылы 70-тен астам азамат баспаналы болды

0
445

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй сертификаты арқылы 70-тен астам азамат баспаналы болды

Биыл Шымкентте 73 азамат қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның ішінде көпбалалы отбасылар - 17, ерекше бала асыраушы отбасылар – 54, толық емес отбасылар саны - 2. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау жүргізілуде.

Қайтарымсыз 1 миллион теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Сертификатқа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктен мақұлдау алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.
Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.