​Шымкент тұрғынының үй жертөлесінен заңсыз «егін өнімдері» анықталды

0
76

Ер адам жертөлені тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен.


​Шымкент тұрғынының үй жертөлесінен заңсыз «егін өнімдері» анықталды

Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіруге байланысты әрекеттің жолын кесті.

Жедел іс-шаралар барысында жергілікті тұрғынның үй жертөлесінде арнайы жабдықталған фитонарколаборатория анықталды.

Ер адам жертөлені тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Тексеру барысында құрамында есірткі заты бар өсімдік - марихуана, сондай-ақ оны өсіруге арналған техникалық құралдар тәркіленді.
Күдікті өткен жылдан бері ірі көлемде есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқаны белгілі болды.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция ескертеді: есірткі заттарын заңсыз өсіру, сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Бөлісу