ШЫМКЕНТ: туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқын алуда

0
204

Цифрлық туризмді дамыту шеңберінде QR-маршрут жүйесі және жасанды интеллектке негізделген онлайн гид жобасы іске асырылуда.


 ШЫМКЕНТ: туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқын алуда

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы қаладағы туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында қаладағы орналастыру орындарының дамуы, тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру, цифрлық туристік жобалар және жаңа туристік инфрақұрылымдық бастамалар кеңінен таныстырылды.
Атап айтқанда, биыл қалада 4 жаңа қонақ үй («Grand Altyn» Hotel, «Алатау», «Ихлас», «Silver Hotel») ашылып, 9 қонақ үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда қалада жалпы 162 орналастыру орны туристерге қызмет көрсетуде.
Тарихи-мәдени туризмді дамыту бағытында Сайрам ауданындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері мен Хызыр мұнарасы абаттандырылып, инженерлік және санитарлық инфрақұрылым жаңартылды. Алдағы уақытта Мірәлі баб, Әбділ Әзіз баб және Қожа Салық нысандарында абаттандыру жұмыстары жалғасады.
Цифрлық туризмді дамыту шеңберінде QR-маршрут жүйесі және жасанды интеллектке негізделген онлайн гид жобасы іске асырылуда. Бұл жобалар туристерге қаланың көрікті жерлері туралы жедел ақпарат алуға және ыңғайлы маршрут құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, этноауыл аумағын жаңғырту, «Omir Shymkent» жобасын іске асыру, гастроорталық пен падл орталығын салу сияқты жаңа туристік нысандарды дамыту жоспарлануда.
Брифинг соңында басқарма басшысы туризм саласын дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жалғаса беретінін атап өтті.
Бөлісу