Шымкент түрмесіне ұялы телефонды тауық етінің ішіне салып кіргізбек болған

0
971

Бұл заттарды Шымкент қаласының тұрғыны А. қамауда отырған әйелге әкелген.


Шымкент түрмесіне ұялы телефонды тауық етінің ішіне салып кіргізбек болған

ERNUR.KZ. Шымкенттегі түрмеде сотталушыға ұялы телефонды тауық етінің ішіне салып кіргізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 әйелдер түрмесінде 21 қарашада келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде заңбұзугшылық анықталды. Әлдебіреу тыйым салынған Samsung маркалы қара түсті ұялы құрылғы мен сим-картаны піскен тауықтын (гриль) ішіне жасырып, кіргізбек болған.

- Бұл заттарды Шымкент қаласының тұрғыны А. қамауда отырған әйелге әкелген. Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады,- дейді Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан.

Ведомство өкілінің мәліметінше, қазір оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу кодексінің тиісті бабымен хаттама толтырылған.