ШЫМКЕНТ: ​Зейнеткерлердің шипажай кезегіне тіркелуі geo-shym.kz сайты арқылы автоматтандырылған

0
38

Шипажайға жолдама алу үшін үйден шықпай-ақ компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуге болады.


ШЫМКЕНТ: ​Зейнеткерлердің шипажай кезегіне тіркелуі geo-shym.kz сайты арқылы автоматтандырылған

Шымкент қаласында зейнеткерлерді шипажайға жолдама беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілген.

Енді кезекке тұру процесі толық автоматтандырылып, тұрғындарға қолайлы болу үшін geo-shym.kz порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады.

Шипажайға жолдама алу үшін үйден шықпай-ақ компьютер немесе ноутбук арқылы тіркелуге болады. Ал егер мұндай құрылғыларды пайдалану қиындық туғызса, жақындарыңыздың – балаларыңыз бен немерелеріңіздің көмегіне жүгіну ұсынылады.
Қауіпсіздік үшін әлеуметтік желілерде «кезекке тіркеп беремін» деген ақылы ұсыныстардан бас тартуға шақырамыз.
Жеке деректерді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерінің құпия сөздерін бөгде адамдарға беру – алаяқтық әрекеттерге жол ашуы мүмкін.
Осындай тәуекелдердің алдын алу мақсатында, тіркелу барысында қиындықтар туындаған жағдайда, зейнеткерлер Бәйтереков көшесі, 89 мекенжайында орналасқан басқармаға келіп, білікті мамандардың тегін көмегіне жүгіне алады.
Бөлісу