ШЫМКЕНТ: Жақында Оңтүстік шағынауданының тұрғындары интернетпен қамтылады

0
627

Инвестор есебінен атқарылған жұмыс аяқталса, 30 мыңға жуық тұрғын интернетке қол жеткізеді.


ШЫМКЕНТ: Жақында Оңтүстік шағынауданының тұрғындары интернетпен қамтылады

Шымкентте шалғайдағы елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда Еңбекші ауданына қарасты Оңтүстік шағынауданында интернетпен қамту жұмыстары қолға алынды.

Аталған шағынауданда оптикалық интернетпен қамту жұмыстары жеке инвестор қаражаты есебінен жүргізілуде. Инвестор есебінен атқарылған жұмыс аяқталса, 30 мыңға жуық тұрғын интернетке қол жеткізеді.
Дәл қазіргі уақытта «СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан шағынауданда қажетті құрылғылар орнатылып, 40 шақырымды қамтитын көшеге абоненттік кабель желісін жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Жалпы Оңтүстік шағын ауданында 6 300-ге жуық жеке сектордағы үйлерге оптикалық желіге қосылуға мүмкіндік жасалады. Аталған жұмыстар жақында аяқталады. Содан соң, жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға өтінім тастаған тұрғындарды интернетке қосу жұмыстары басталады.
Айта кетейік, тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылу қажет болған жағдайда «СпецавтоматикаСервис» компаниясына хабарласып, өтінім беруге болады.