ШЫМКЕНТ: жаңа туған нәрестеге проктопластика отасы жасалды

0
84

Операция балалар хирургтары, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтардың қатысуымен сәтті өтті.


ШЫМКЕНТ: жаңа туған нәрестеге проктопластика отасы жасалды

Шымкент қалалық перзентханасында күрделі диагнозбен дүниеге келген нәрестеге жасалған ота сәтті өтті.

9 мамыр күні туған сәбиге аноректальды аймақтың туа біткен даму ақауы – анус атрезиясы диагнозы қойылған. Бұл жағдайда нәресте табиғи жолмен үлкен дәретке отыра алмайды.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диагнозда дер кезінде ота жасалмаса, ішек өтімсіздігі, инфекция, ағзаның улануы секілді ауыр асқынулар туындауы мүмкін. Сондықтан хирургиялық ем ерте кезеңде жүргізіледі.
Операция балалар хирургтары, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтардың қатысуымен сәтті өтті. Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы жақсы. Отадан кейін анасымен бірге нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылған.
Мамандар мұндай туа бітті ақауларды ерте анықтап, уақтылы ем жүргізу баланың өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Бөлісу