​ШЫМКЕНТ: Жас чемпион тағы бір биікті бағындырды

0
273

Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен.


​ШЫМКЕНТ: Жас чемпион тағы бір биікті бағындырды

ERNUR.KZ. Жақында ғана Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан Азия чемпионы болып келген №52 мектеп-лицейінің 10 сыныптың екпінді оқушысы Эшмуратов Шахужахон күні кеше Ақтөбе қаласында кикбоксингтен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды.

2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде додаға түскен спортшы шәкіртіміз Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Шахужахон жарыс барысында 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңген.
Спортшы шәкірт Шахужахон Эшмуратов Қырғызстан елінде өткен кикбоксингтан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі I орын иеленіп, Азия_чемпионы атанған. Ол жарыс барысында 4-кездесу өткізіп, барлығында айқын басымдылықпен жеңіске жеткен.
Эшмуратов Шахужахон 2023 жылы 23-29 қазан арасында Тараз қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен кадеттер арасында Қазыбек Тауасарұлы атындағы халықаралық турнирдің жүлделі I орын иеленген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетіп, әлемнің 35 мемлекетінен 500-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан жарыста шымкенттік тағы бір оқушы алтын алқа иеленген болатын.

Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев - Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан сайыпқырандарымен бәстескен жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтқан еді.

Санжарәлі Бегалиев ҚР 2 дүркін және Азия чемпионы осыған дейін Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап шыққан болатын.

Шымкенттік жас чемпиондарға алдағы уақытта жеңіске толы күндерді тілейміз.