Семинар барысында жастар кәсіби мамандармен ашық форматта тілдесті.
Шымкент қаласындағы политехикалық колледжд студенттері арасында «Жас көшбасшылар» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған семинардың мақсаты – жастардың бойындағы көшбасшылық қабілетін дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйрету.
– Өзіңді өзгерпей, өзгені өзгерту мүмкін емес. Қоғаммен араласпай, көпшілік ортада қорқатын адамдарға  психологтың көмегі керек-ақ. Бүгінгі кездесуде осы тақырыпта кеңестер айтатын боламыз. Бұдан бөлек, жауапкершілік алуға қатысты білімге қазіргі жастар бей-жай қарайтыны байқалады. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасауымыз керек, - деді тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді. 
Семинар барысында жастар кәсіби мамандармен ашық форматта тілдесіп,  сұрақ-жауап өрбіді. 
Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының төрт бөлімшесі 14-29 жас аралығындағы жастарға психологиялық көмек беруге дайын. Жеке қабылдаудан өтуге болады.
            
 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
