ШЫМКЕНТ: «Жас Ұлан» мектебі 40 жыл бойы Отанның үздік ұлдарын тәрбиелеп келеді

0
314


ШЫМКЕНТ: «Жас Ұлан» мектебі 40 жыл бойы Отанның үздік ұлдарын тәрбиелеп келеді

Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебі 40 жыл бойы Отанның үздік ұлдарын тәрбиелеп келеді.

Бұл туралы Шымкент республикалық «Жас Ұлан» мектебі өзінің мерейтойын атап өту барысында оқу орнының бастығы полковник Пернехан Орынбеков атап өтті.

Жыл сайын бұл түлектер Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК, ТЖМ және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары атануда.

- Мен барлық түлектерге бейбіт аспан мен жақсы қызмет тілеймін. Бүгін бітіріп жатқан ұландарымыз, ертең әскери саланың қыр-сырын меңгерген, айтулы азаматтарға айналады деп сенемін. Бұл сала оңай емес. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Баршаңызға сәттілік пен денсаулық тілеймін, - деді Пернехан Басарбекұлы.
Қонақтардың құттықтау сөздерінен кейін түлектер қоштасу вальсін орындады, ал гарнизон әскери қызметшілері көрермендерге атыс, жарылыс және кепілге алынғандарды босату сияқты жауынгерлік дайындық элементтерін көрсете отырып, шоу-бағдарламаны ұсынды. Алаңда әскери оркестр де өз өнерлерін көрсетті.
Салтанатты шара соңында түлектер, мектеп басшылығының алдында салтанатты саптық шерумен өтіп, осы сәт үшін алдын-ала жинаған тиындарын аспанға лақтырды, бұл олардың болашағының жарқын мансабын білдіредтін дәстүрлердің бірі.
Айта кетсек, әскери мектеп Шымкент қаласында 1984 жылы мамырда құрылған. Бастапқыда ол орыс тілі мен әскери мамандықты тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ретінде жұмыс істеген. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен мектеп республикалық әскери-мектеп болып өзгертілді. 2003 жылы әскери мектеп-интернатқа Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахимовтың есімі берілді. ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысынан кейін оқу орны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына өтті.
Осы жылдар аралығында мектеп 4000-нан астам түлек дайындады, олардың ішінде 7 генерал, 200-ден астам полковник және 3 ғылым өкілдері бар. Олардың барлығы қазіргі уақытта Қарулы күштер, басқа әскерлер мен әскери құрылымдар қатарында қызмет етеді. Олардың қатарында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров, Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясының бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Руслан Кунуров, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин бар.
Бөлісу