Аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелерінің тарапынан 147 мектептен өтінім келіп түскен.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында "Жұлдызды 30 күн" мерекелік шарасына орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңінің салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жобаның мақсаты - мектеп оқушыларының, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерінің бос уақытын тиімді пайдалану. Сондай-ақ спортпен шұғылдану арқылы олардың еріктілік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасы чемпионаттарына команда жасақтау.
Айтып өтсек, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет «Шымкент жастар лигасы» жобасы қала жастарының арасында ұйымдастырылған болатын.
«Шымкент жастар лигасы» жобасы алғаш рет наурыз- мамыр айларында жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткен болатын. Енді 2 кезеңі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында қазан айынан спорттық («футбол», «волейбол», «баскетбол») интеллектуалдық («шахмат») ойындарынан бастау алған болатын.
Аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелерінің тарапынан қазіргі уақытта футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) спорт түрлерінен 147 мектептен өтінім келіп түскен.
Мектеп оқушылары лигасына қатысуға 147 білім ұйымдарынан 548 командадан өтініш түсіп, ал жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 оқу орнынан 98 команда (оның ішінде 7 жоғары оқу орындары және 30 орта арнаулы оқу орындары) қатысуға өтініш берген болатын.
Сондай-ақ бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес өтінім берген оқу орындары арасында өзара жарысқа түсіп, нәтижесінде бүгін жеңімпаз командалар мараппаталды.