"Шымкент Жастар Лигасы" жобасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ойындары басталды

0
386

Олар спорттың 4 түрінен өз бақтарын сынайтын болады.


"Шымкент Жастар Лигасы" жобасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ойындары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасының жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында спорттың 4 түрінен өз бақтарын сынайтын болады.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баулый отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасына 7 жоғары оқу орны және 26 орта арнаулы оқу орындары қатысады.

Қатысушылар футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорт түрлерінен бақтарын сынайтын болады.