ШЫМКЕНТ: Жастарға берілетін пәтер иелері анықталды

0
2 839

3648 жастан өтінім келіп түскен.


ШЫМКЕНТ: Жастарға берілетін пәтер иелері анықталды

Шымкентте жұмыс істейтін жастарға берілетін 300 пәтердің иелері анықталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымшаһарда жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру бағдарламасы қорытындыланды.
Бұл туралы қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушысы Абылайхан Балықбаев мәлімдеді.
«25-27 қаңтар аралығында Shymkent-baspana.kz сайты арқылы жұмыс істеп жүрген жастардан өтінімдер қабылданған болатын. Екі күнде жастардан 3648 өтінім келіп түсті. Түрлі себептермен 2 952 өтінім қанағаттандырудан бас тартылды. Атап айтсақ, 29 жасқа толмаған және одан асқан азаматтар 105 азаматқа жас шектеуі бойынша өтінімдері келесі кезеңге өтпеді. Шымкент қаласында тұрақты тіркеуі 2 жылдан кем 576 азаматқа тұрақты тіркеуі болмауына байланысты құжаттары қабылданбады. Ал 2 271 азаматқа табыс көзі 40 АЕК-тен төмен және құжаттарының толық болмауына сәйкес бас тартылды. Қалған 696 азаматтың құжаттары балл жүйесі (жоғарғы балл 50 балл, төменгі балл-0) Шымкент қаласының тұрғын үй комиссиясысының қарауына ұсынылды. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған 300 азаматтың тізімі тұрғын үймен қамту туралы шешім қабылданды,- деді А.Әлібекұлы.
Спикердің айтуынша, комиссия құрамында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» партиясы мүшелері, БАҚ өкілдері және басқа да қоғам белсенділері болған.