Шымкент жастары қала тазалығына үлес қосты

0
149

Еріктілер қаланың түрлі аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті насихаттады.


Шымкент жастары қала тазалығына үлес қосты

Шымкентте ерікті жастар мен қала тұрғындары бірігіп, экологиялық тазалық науқанына қатысты.

Акция барысында қаланың бірнеше аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Шара Ұлы Жеңіс күні қарсаңында өтіп, батырлар рухына тағзыммен ұштасты.

Соның бірі – Бауыржан Момышұлы ескерткіші маңы. Жастар ескерткіш айналасын қоқыстан тазартып, аумақты абаттандырды. Бұл іс тарихқа құрмет пен ұрпақ сабақтастығын көрсетті.
Жастар ресурстық орталығының маманы Аружан Абдисадық мұндай бастамалардың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, қала тазалығына үлес қосу – әр азаматтың ортақ міндеті.
Еріктілер қаланың түрлі аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті насихаттады.
Қала тазалығы – тек коммуналдық қызмет емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасады.
Бөлісу