Игі шараға қаламы қарымды журналистер қауымы қатысты.
Бүгін «Шымкент Сити» шағынауданында Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйытқы болуымен 100-ге жуық көшет егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Игі шараға қаламы қарымды журналистер қауымы қатысты. Олардың қатарында Байдулла Қонысбек, Бақтияр Тайжан, Дулат Әбіш, Әсет Әссанди, Балтабек Түйетаев, Ерсұлтан Әмірбек, Тұтқабай Фазылбек т.б. БАҚ өкілдері болды.
Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдырдың айтуынша, бұл аллея алдағы уақытта шымкенттік журналистердің бас қосар алаңына айналмақ.
Қаланы көріктендіруге келген қаламгерлер жаңа аллеяны «Қазақ журналистерінің аллеясы» деп атауды ұсынды.
- Таяуда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзі ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көркейту мақсатында көшет егу челленджін жолдаған еді. Енді міне, мегаполистегі 50 шақты журналистің басын қосып, 100-ге жуық көшет отырғыздық. Бұл - біздің қаламыздың көркеюіне қосқан үлесіміз, - деді Уәли Қыдыр.