Қыс мезгілі болғанына қарамастан, Шымкентте күн жылып тұр. Дегенмен, синоптиктер алдағы ақпан айында ауа температурасының нөлден төмендейтінін де болжап отыр.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында нағыз қыстың ауа-райы ақпан айының ортасында байқалады, деп жазады Otyrar-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Басылымның хабарлауынша, республикалық маңызы бар үшінші қалада қаңтар айының соңында ауа-райы көктемдегідей болады. Бірақ синоптиктер Шымкенте ауа температурасының нөлден төмендейтінін де болжаған. Қазіргі уақытта еліміздің көптеген аймақтарында аяз болып, ауа температурасы түнде 30-38 градус, күндіз 18-27 градусты көрсетіп тұр.
Десе де, көп ұзамай Орталық Азия арқылы циклон өтеді екен Солтүстіктегі антициклонмен бірге елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында қатты жел мен боран соғады. Сол уақытта "қыстың суығы Шымкентке де жетеді" деп күтілуде. Синоптиктердің айтуынша, күннің суытуы тек бірнеше күнге жалғасады.