Шымкентке жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус әкелінеді

0
913

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау барысында мәлімдеді.


Шымкентке жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус әкелінеді

Шымкент қаласында шалғай орналасқан елді мекендерге қоғамдық көліктер қатынап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

17 қыркүйектен бастап Солтүстік саяжайға №108а автобусы тұрақты қызмет көрсетіп жатыр. Желтоқсан айында №45 автобус бағытының жұмысын 10 минут жиілікпен Солтүстік саяжайға ұйымдастыру жоспарлануда екен.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау барысында мәлімдеді. Қалаға жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус алынатындығын айтты.

Сондай-ақ, бүгінгі өткен онлайн қабылдауда азаматтар негізінен әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй және жер құжаттарын рәсімдеу бойынша сауалдарын ортаға салды.
Қала тұрғыны Эльмира Мамедова Республика даңғылы бойындағы «Эмиль» сауда үйінің алдындағы автотұрақ мәселесі бойынша шағымданды. Айтуынша, сауда үйіне келушілер мен жол жөндеу жұмыстарының барысында жол кептелісі орын алуда.
- Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстары толығымен келер жылы аяқталады. Республика даңғылын орташа жөндеу жұмыстары аясында жол қозғалысы ережесінің талаптарын сақтай отырып Сіз сұрап отырған учаскеде автотұрақ ұйымдастырылады, - деген қала әкімі бұл бағыттағы жұмысты 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында жүргізу жөнінде сала басшысына тапсырма берді.
Әрбір тұрғынның мәселесін жіті тыңдаған шаһар басшысы барлығы заң жүзінде шешілетінін жеткізді