Оларға жалпы сомасы 8 млн. 845 мың 150 теңге айыппұл салынды.
Шымкент қаласының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жыл басынан ҚР "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" №416-1999 ж. Заңының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан террористік тұрғыда осал 240 объекті тексерілді. Нәтижесінде 10 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 8 млн. 845 мың 150 теңге айыппұл салынды.
«ҚР тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының негізінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру тоқтатылды.
ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексерілетін объектілердің 270 басшысымен, меншік иелерімен және күзет ұйымдарының өкілдерімен түсіндіру жұмысы өткізілді, террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеттері бойынша жадынамалар табыс етілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.