Шымкентте 10 елді мекен сапалы электрмен қамтылады

0
2 358

Сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші 97%-ға жетеді.


Шымкентте 10 елді мекен сапалы электрмен қамтылады

Шымкентте өткен жылы 13 елді мекен сапалы электрмен қамтылып, көрсеткіш 95% құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаладағы 81 елді мекеннің 65-іне сапалы электр тартылған, 16-сы жекеменшік трансформатордан жарық алып отыр. Бұл аумақтарда электр сапасын жақсарту мақсатында биыл 16 нысанның құрылысы жүргізіледі.

Жыл соңына дейін Достық, Жаңаталап, Қайнар бұлақ, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жалын, Ақжар елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтылып, жалпы көрсеткіш 95%-дан 97 пайызға жетеді.


2022 жылы сапалы жарықпен қамтылатын Бозарық-2, Батыс, Достық, Тұран, Нұртас шағын аудандары мен Сәуле 276 орамының құрылысына жобалық сметалық құжаты әзірленген.

Қаланы үздіксіз электр энергиясымен қамту мақсатында 2022-2025 жылдары 3 қосалқы станциясын салу жоспарланған. Оның ішінде 110 кВ «Ынтымақ» құрылыс-монтаж жұмысына бюджеттен 6 млрд теңге қаралса, 220 кВ «Қызылсу» мен «Нұрлы» қосалқы станциясын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қарастырылып отыр.