Бүгін Шымкентте жаңадан бой көтерген «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы еңселі мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Мешіт кешенінің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары да арнайы шақыртылған.
Төрт гектар көгалдандырылған аумағы бар мешіт кешенінде ислам тарихының мұражайы, әйелдерге арналған оқу орны, медресе, кітапханалар орналасқан. Жобада әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен асхана бар және 736 орынға арналған жерасты паркингі де жұмыс істеп тұр.