Табиғи газбен қамту көрсеткіші 94%-дан 96%-ға өскен.
ERNUR.KZ. Биылғы жоспар жүзеге асып, Шымкент қаласында 8 елді мекенде 12 мыңнан астам абонент көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алып отыр.
Қазіргі таңда қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесіп, аталған елді мекендерде абоненттеу жұмыстарын жүргізуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы табиғи газбен қамту көрсеткіші 94%-дан 96%-ға өсіп отыр.