​ШЫМКЕНТТЕ 16 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕККЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

0
75

Шымкент қаласының оқушылары республикалық олимпиадада 24 жүлделі орынға қол жеткізді.


​ШЫМКЕНТТЕ 16 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕККЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатында өткен соңғы қоңырау салтанатты жиынына қатысты.

Іс-шара барысында мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілініп, олардың алдағы өмір жолындағы жаңа белестерге қадам басқаны атап өтілді. Соңғы қоңырау – мектеп оқушыларының өміріндегі маңызды кезеңнің аяқталып, үлкен мүмкіндіктер мен жауапты шешімдерге бастайтын жаңа өмірдің бастауын білдіретін ерекше күн.
Биыл Шымкент қаласында 16 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты.
Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернаты – қаладағы жетекші білім беру ұйымдарының бірі. Биыл білім ордасының оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, республикалық олимпиадада алтын медаль иеленді.
Жалпы, Шымкент қаласының оқушылары республикалық олимпиадада 24 жүлделі орынға қол жеткізді. Оның ішінде 3 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль және 4 құрмет грамотасы бар.
Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 1123 оқушы үздік аттестатқа үміткер болса, 786 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер атанып отыр. Бұл көрсеткіштер оқушылардың табанды еңбегі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігінің арқасы.
Бөлісу