2020 жылға 15 115 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.
2020 жылдың 2 айында 316 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде:
- Тұрақты жұмыс орындарына жолданғандар - 205;
- Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданғандар - 81 азамат;
- Әлеуметтік жұмыс орындарына - 4 азамат;
- Жастар практикасына - 13 азамат;
- Жеке кәсіпкерлігін ашқандар - 3 азамат.
Ал 2020 жылға 15 115 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.
Оның: 11 438 тұрақты, 3 677 уақытша жұмыс орындары. 2 айда 921 тұрақты жұмыс орындары және 1 122 уақытша жаңа жұмыс орындары ашылды.
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу жұмыстары жүргізілуде.