Оның салдарынан 4 адам қайтыс болып, 4 адам жарақат алған.
Шымкенттегі Базарқақпа тұрғын алабында орналасқан баспана өртеніп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке оранған қосымша нысан тұрғын үймен жапсарлас соғылған. Ондағы үй-жайда шаруашылық және құрылыс материалдары сақталған. «Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 34 адам және 8 бірлік техникасы тартылды. Өрттің жалпы ауданы 248 шаршы метрді құраған.
Жалпы жыл басынан бері 148 өрт жағдайы тіркелген. Оның салдарынан 4 адам қайтыс болып, 4 адам жарақат алған. Шымкент қаласында өрт жағдайы бүгінгі таңға өткен жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға төмендеген. Биыл жазда дала алқаптарында 2 жану оқиғасы орын алды. Оның көлемі 18 га аумақты қамтыды.