Шымкентте 250 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықталады

0
433

2021 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету шараларына 3,3 млрд. теңге қарастырылған.


Шымкентте 250 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықталады

Шымкент қаласында «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында 259 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайына қарай сәйкестендіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда 195 нысанда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талапқа сәйкес келмегендерге ескерту берілді.
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қозғалуы үшін тиісті аяқжолдар мен пандустардың ыңғайлылығы тексерілді. Сондай-ақ кедергісіз орта жасақтауда қамкөңіл жандардың ұсыныс-тілектері ескеріледі. Қала көшелерінде біркелкі замауани үлгіде аялдама павильондарын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Биылғы жылы 250 аялдаманы мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау жоспарланған.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жабдықталған 18 «Инватакси» көлігі қызмет етеді. Ал Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен 1, 2-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға жеткізу үшін 43 «Әлеуметтік такси» автокөлігі қызмет көрсетуде.
Жалпы, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 36 928 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорау басқамасының мәліметінше, 2021 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету шараларына 3,3 млрд. теңге қарастырылған.