Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Тұран ауданы, Чапаев өткелі маңында орналасқан құрылыс дүкеніне қатысты тексеру жүргізіп, нәтижесінде бұл нысандар тиісті құжаттар рәсімделмей, мемлекеттің меншігіндегі жер учаскелеріне заңсыз соғылғаны анықталды.
Осыған байланысты басқарма тарапынан құрылыс нысандарын бұзу туралы сотқа талап-арыз беріліп, соттың шешімімен бұзу жұмысы басталды.
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс-монтаждау жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Заң талаптары сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылуы мүмкін.


