Кәмелетке толмаған 280 жасөспірім түнде заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орталықтарында жүрген.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен қала аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 3 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шараның нәтижесінде 3509 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық бойынша - 383 жайт, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі жүруі бойынша -280, көлікті мас күйде басқару бойынша -12 жайт тіркелді.