Спорт кешендерінің қасбеті мен шатыры жөндеуден өтуде
Шымкентте жұмыспен қамту жол картасы аясында 3 спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мақсұт Исахов әлеуметтік парқшасында мәлім етті.
– Қажымұхан стадионындағы дене шынықтыру және спорт басқармасының жеңіл атлетика спорт кешенінің қасбеті мен шатырын және ішкі үй-жайларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңартылуда.
Екінші нысан, №3 Шымкент қалалық олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. Мекемеде оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты физикалық дамуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Негізгі бағыттары- баскетбол. Тұрлан елді мекенінде бұл ғимарат 1971 жылы салынған екен. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Одан кейінгі үшінші нысан, №3 Шымкент қалалық олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бассейн бағытындағы ғимараты. Мұнда да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айдың аяғында жөндеу жұмыстары аяқталған соң, спортшыларымыз қайта жүзумен айналыса алады, - деді қала әкімінің орынбасары.