Шымкентте 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

0
2 698

4 390 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалды.


Шымкентте 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте жыл басынан бері 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Атап айтар болсақ, жәрдемақы 30 472 отбасына шартты ақшалай болса, 4 390 отбасына шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. Осылайша қаладағы мұқтаж жандарға 2411,1 млн.теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Салаға жауаптылар жылдан-жылға жәрдемақы алуға өтініш білдірушілер қатары артып отырғандығын айтады.
Еске сала кетейік, былтыр мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 44 мыңға жуық отбасыдан өтініш қабылданып, жергілікті комиссия шешімімен 33 мыңға тарта отбасыға 17,8 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын. Биылға мұқтаж отбасыларды қолдауға 13 529,8 млн. теңге көмек көрсету жоспарланып отыр.