Жоспарға сәйкес қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармалары күніне 100-ге жуық адамды қабылдайды.
Шымкентте жасөспірімдерді әскери есепке тұрғызу басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл іс-шара 5 қаңтардан 31 наурызға дейін ер азаматтарды әскери есепке алу және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығын белгілеу үшін өткізіледі.
- Осы жылы Шымкентте 5 мыңнан астам жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланған. Әрбір адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініп, толық ақпарат ала алады, - деп түсіндірді Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндег департамент бастығының орынбасары полковник Ажимухан Шынтаев.
Жоспарға сәйкес қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармалары күніне 100-ге жуық адамды қабылдайды.
Тексерістен өткен жастарға әскери шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі. Бұл куәлік әскерге шақыру кезінде шақырылушының есепте тұрғанын растайтын құжат болып табылады.