Шымкентте 5-сынып оқушысы кенеттен көз жұмды

0
949

Ата-анасы қызын дәрігерлерге көрсету туралы ойламаған.


Шымкентте 5-сынып оқушысы кенеттен көз жұмды

Шымкент қалалық жедел жәрдем қызметіне 18 шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінде 5 сынып оқушысы есінен танып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жедел жәрдем қызметі шақырту түскен жерге аз уақыт ішінде жеткенімен, ол кезде мектеп оқушысынан өмір сүру белгілері байқалмаған.

«Шақыру кеше кешкі уақытта келіп түскен. Мектеп оқушысының анасы бізге қызының есінен танып қалғанын айтқан. Хабарлама келіп түсе салысымен 6 минут ішінде жедел жәрдем қызметі оқиға орнына жетті. Алайда ол кезде қыздың қайтыс болғаны анықталды. Қазіргі таңда мән-жайды полицейлер анықтап жатыр», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы өз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, elitar.kz порталының ақпаратына сүйенсек, мектеп оқушысының анасы қызының екі күннен бері сырқаттанып қалғанын және таңертең құсқысы келгенін айтып шағымданғанын жеткізген. Алайда ата-анасы қызын дәрігерлерге көрсету туралы ойламаған.

Сонымен қатар, ұйқы алдында оқушыға үйіндегілер ауруды басу үшін дәрі берген, алайда араға көп уақыт салмай анасы қызының ес-түссіз жатқанын байқаған. Бірақ анасы сыртқы есікті аша алмағандықтан терезе арқылы өзгелерден көмек сұраған. Құтқарушыларды келіншектің көршілері шақырыпты.

"Диспетчерлік қызметке сағат 21.26-да 18 шағынауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде әйел азаматы мен баланың қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Себебі олар сыртқы есікті аша алмаған. Оқиға орнына 5 құтқарушы қызметкер жетті. Есікті ашу үшін арнайы құрылғы қажет болды. Сол себептен құтқарушыларға есікті бұзуға тура келді", - делінген Шымкент қаласы ТЖД-ның мәлімдемесінде.