Қазіргі таңда тергеу жалғасуда.
Шымкентте 500-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында Департамент тарапынан ұсыныс енгізіліп, оның қорытындысымен жекеменшік балабақшаларға негізсіз мониторинг жүргізу туралы бұйрықтардың күші жойылып, 506 шағын және орта бизнес субъектілеріне кез келген тексерулер тоқтатылды.
“Сонымен қатар, бұл бағытта жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қалалық білім басқармасының тағы бір лауазымды тұлғасы әшкереленді. Бейінді басқарманың жетекші маманы кінәсін мойындады”, - делінген жазбада.
Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды.