1997 жылғы ер адам мен 2020-2021 жылдары туған екі баланың жағдайы орташа, олар ауруханаға жатқызылды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының тұрғыны Иран пешін дұрыс қолданбауы салдарынан уланып қайтыс болды.
Қайғылы оқиға кеше кешікілік уақытта орын алған.
Шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері 55 жасар әйелдің уланғанын анықтады. Уланған тағы үш адамның – 1997 жылғы ер адам мен 2020-2021 жылдары туған екі баланың жағдайы орташа, олар ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына келген «КазТрансГаз Аймақ» АҚ –ның апаттық бригадасы үй-жайды тексере келе, асүйде газ плитасынан бөлек, шамамен 7 метрлік оттегі шлангісі арқылы газға жалғанған Иранның жылыту газ камині орнатылғанын анықтады. Оның 3 метрден асатын түтін құбыры далаға үй қабырғасын тесу арқылы шатыр астына шығарылыпты. Мұржаның тартуы жоқ.
Қазіргі сәттегаз мамандары үйді «көгілдір отыннан» ажыратты. Жазатайым оқиға себептері сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, Иранда шығарылған газ камині үй ішіне орнатуға арналмаған. Оны тек террасса, кіреберіс сияқты таза ауа үздіксіз алмасып тұратын қауіпсіз жерде ғана қолдануға рұқсат етіледі.