Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізді

0
904

Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.


 Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізді

ERNUR.KZ. Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды.


Олардың 4-еуі толық емес, 20-сы – ерекше балалары бар немесе ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ 24-і І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 10-ы бюджеттік ұйым қызметкерлеріне берілді.


Талаптарға сәйкес, қайтарымсыз 1 млн теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш беруші және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 134 562 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде несие негізінде алғашқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.

Еске салсақ, өтінімдер «www.kezekte.kz» интернет ресурсы арқылы қабылдануда.