Шымкентте 71 отбасы баспаналы болды

0
702

Жаңа тұрғын үйлер Тұран шағын ауданында орналасқан.


Шымкентте 71 отбасы баспаналы болды

Шымкентте 71 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында арендалық баспанамен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа тұрғын үйлер Тұран шағын ауданында орналасқан.

Шымкент қаласы бойынша жылдық жоспарға сәйкес жыл басынан бері 324 арендалық пәтер өз иелерін тапты. Олардың ішінде әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтар бар.
Айта кетейік, арендалық баспанамен қамтылған азаматтармен келісім шарт жасалып болған соң ғана түгендеу жұмыстары жүргізіліп, кезектен шағырылады. Ал кезектегі азаматтардың тұрғын үй кезегі түгендеуден кейін алға жылжиды.