Шымкентте ағаш қоры екі есеге артады

0
763

Бүгінде мегаполистің жасыл желегі 6 миллионды құрайды.


Шымкентте ағаш қоры екі есеге артады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында алдағы 5 жылда орманды алқаптарда 2 миллиард, ал елдімекендерде 15 миллион көшет егуді тапсырған болатын. Осының негізінде Шымкентте бірқатар жоба қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаланың 5 жылдық көгалдандыру жоспары аясында 2025 жылға дейін қала аумағында 12,5 млн. жасыл желек болады.
Бүгінде мегаполистің жасыл желегі 6 миллионды құраса, алдағы жылдары тағы 6,5 млн. жасыл желек егу жоспарлануда. Есепті кезеңде 300 мыңға жуық ағаш, көшеттер отырғызылды.
Шымкент қаласында экологиялық аумақтардың қатары артып келеді. Биылғы жылы қаланы абаттандыру және қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Алатау» саябағы пайдалануға берілді. Осылайша шаһардағы саябақтар 9-ға жетті.
Бұған қоса қаланың атмосфералық ауасының жай-күйі жөнінде халықты хабардар ету үшін арнайы датчиктер орнатылып, 2 LED-экран арқылы тұрғындарға жарияланып тұрады.