Шымкентте ағаш құлап 10 жастағы бала мерт болды

0
83

Көпқабатты тұрғын үй ауласында ағаштың сынған бұтағы құлап, 2016 жылы туған бала көз жұмды.


Шымкентте ағаш құлап 10 жастағы бала мерт болды

фото: видеодан скринделген

ERNUR.KZ. Кеше 11 ақпанда Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үй ауласында ағаштың сынған бұтағы құлап, 2016 жылы туған бала көз жұмған болатын. Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі хабарлама таратты.

"Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Қайғылы жағдайға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі.
Қала тұрғындарын ауа-райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 11 ақпанда Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қайғылы оқиға орын алды. Көпқабатты тұрғын үй ауласында ағаштың сынған бұтағы құлап, 2016 жылы туған бала көз жұмды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласында шамамен сағат 16:30-17:00 аралығында болған. Қалың қардың салдарынан ағаштың бір бөлігі сынып, сол сәтте аулада жүрген балаға құлаған.

Баланың денесін алғаш болып аумақты тазалап жүрген жұмысшылар байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны анықталған.