Шымкентте әкімдер халықпен тұрақты түрде кездесетін болды

0
678

Ендігі жерде әкімдер халықпен бұрынғыдай жылына бір рет қана кездеспейді.


Шымкентте әкімдер халықпен тұрақты түрде кездесетін болды

Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында депутаттар Шымкент қаласы әкімі мен аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің кестесін бекітті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осылайша жергілікті билік халықпен кері байланысын күшейтіп, елге етене бола түсуді көздеп отыр.

Ендігі жерде әкімдер халықпен бұрынғыдай жылына бір рет қана кездеспейді. Жыл бойына шағын аудандар, елді мекендер мен тұрғын алаптарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізеді. Онда көтерілген мәселелер жинақталып, өзекті проблемалардың пулы жасақталады. Сөйтіп, тұрғындарды мазалайтын ең маңызды мәселелер жүйелі түрде шешіліп отырады.
Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында депутаттар Шымкент қаласы әкімі мен аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің кестесін бекітті. Осылайша жергілікті билік халықпен кері байланысын күшейтіп, елге етене бола түсуді көздеп отыр.
Мұнан бөлек сессия барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету және жұмыспен қамту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы шешімге өзгеріс енгізу, қала әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамына өзгеріс енгізу және өзге де мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылдады.
Айта кетейік, сессия жұмысын Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізді. Сессияға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, қортынды сөз сөйледі.