ШЫМКЕНТТЕ АҚШ-ТЫҢ “WEBSTER” УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛМАҚ

0
334


ШЫМКЕНТТЕ АҚШ-ТЫҢ “WEBSTER” УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛМАҚ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Webster” университетінің президенті Джулиан Шустер бастаған АҚШ делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында екі жақ университеттің Шымкентте филиалын ашу мүмкіндігі, сондай-ақ инклюзивті білім беру бағытында ынтымақтастық және бірлескен білім беру жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, педагогтарды даярлау, қайта даярлау перспективалары бойынша пікір алмасты.
Қала әкім білім беру сапасын арттыру және білікті педагогтарды даярлау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қызметтер қолжетімділігін арттыру мақсатындағы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша әріптестерге осы жобаларды іске асырудың егжей-тегжейін пысықтауды тапсырды.

Еске сала кетсек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының көбейіп бара жатқанын атап өткен болатын. «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз» деген еді.

Бұған дейін халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайту бастамасы аясында академик Ә.Қуатбеков атындағы университетке АҚШ-тың, оның ішінде Webster университеті мен Elizarov Group консалтингтік компаниясының өкілдері келген. Америкалық делегация сапарының мақсаты халықаралық білім беру байланыстарын нығайту және Шымкент қаласының білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық арқылы инклюзивті білім беруді ілгерілету болып табылады. Осы сапар аясында жоғары білім беру саласындағы тәжірибелер мен ресурстар алмасуға бағытталған бірқатар бірлескен жобалар, бағдарламалар талқылан,ан болатын.
Шетелдік делегацияның құрамында Webster университетінің президенті Джулиан Шульц, Webster университетінің көпсалалы зерттеулер факультетінің арнайы (инклюзивті) білім беру кафедрасының доценті, арнайы білім беру мамандарына арналған сертификаттау бағдарламасының үйлестірушісі, Webster университетінің ректоры Стефани Махфуд, Elizarov Consulting Group негізін қалаушы, халықаралық серіктестік жөніндегі маман, Мэриленд штатының Еуразия, Орталық Азия және Балтық елдеріндегі мүдделерінің өкілі Яков Елизаров болған.

Алқалы басқосуға елімізден С.Аманжолов атындағы ШҚМУ директорлар кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Әмірхан Рахымжанов, ҚР Оқу-ағарту министрінің кеңесшісі Қадырбек Бөрібеков, ҚР Президенті жанындағы адам құқығын қорғау бойынша комиссияның эксперті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, құқықтану ғылымдарының докторы, профессор Есберген Алауханов қатысқан еді.

Бөлісу