Шымкентте «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылды

0
2 514

Порталда азаматтарға арналған 5 түрлі қызмет түрі көрсетіледі.


Шымкентте «Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылды

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Әлеуметтік қызметтер порталы» толық іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Портал арқылы аталған санатқа жататын жандар үйден шықпай-ақ, қажетті қызмет түрлері мен құрал-жабдықтарға тапысырыс бере алады. Ол үшін азаматтың жеке электронды қолтаңбасы (ЭЦҚ) ғана қажет.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» 2020 жылдың 3 маусымында пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Биылдан бастап порталда азаматтарға арналған 5 түрлі қызмет түрі көрсетіледі.

Олар: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», «Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету», «Ымдау тілі маманы қызметін көрсету», «Жеке көмекші қызметін көрсету» және «Санаторлы-курорттық емдеу қызметін көрсету».