Шымкентте алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды

0
976

Операция 6 сағатқа созылған.


Шымкентте алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Операция 6 сағатқа созылған.

Бауырын алмастырған науқас бес жылдан бері созылмалы бауыр циррозымен есепте тұрған. Қазір оның жағдайы жақсы, реанимациядан палатаға ауыстырылды.
Мұндай операция оңтүстік өңірінде алғаш рет жасалып отыр. Марқұмның туыстары мәйіт донорлығына заңды түрде келісімін берген. 16-қараша күні түнгі сағат төртте отаны бастадық. Мәйіт донорының өзге де ағзаларын Астана мен Астана қаласындағы емдеу мекемелерінің мамандары санавиациямен әкетті. Операциядан кейін төртінші тәулікте науқас өздігінен тұрып жүр. Жағдайы жақсы. Негізінде мәйіт донорлығынан операция сирек жасалады, оның үстіне дүние жүзінде донор тапшы. Шымкентте ағза алмастыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Бүгінге дейін 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы жасалды”, -дейді дәрігерлер.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қалада жыл басынан бері түрлі науқастарға 477 жоғары технологиялық ота жүргізілген. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі есеге көп. 2022 жылы медицина мекемелеріне 7 жаңа жабдық сатып алынды. Бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтер қатарын көбейтіп, күрделі оталарды жасауға мүмкіндік берген.