Шымкентте аптап ыстықтың әсерін азайту мақсатында каналдарға су жіберілуде

0
66

Шымкент каналы арқылы Дулати және Қазыбек би көшелерінің басынан Шағын Самал шағынауданына дейін, сондай-ақ, Абай саябағы арқылы ағын су жеткізілуде.


Шымкентте аптап ыстықтың әсерін азайту мақсатында каналдарға су жіберілуде

Шымкент қаласында аптап ыстықтың әсерін төмендету және тұрғындарға қолайлы микроклимат қалыптастыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, Бадам су қоймасынан бастау алатын БМК каналы арқылы Шымкент және Жаңа шек каналдарына секундына 350-400 литр көлемінде су жіберілуде.

Шымкент каналы арқылы Дулати және Қазыбек би көшелерінің басынан Шағын Самал шағынауданына дейін, сондай-ақ, Абай саябағы арқылы ағын су жеткізілуде.
Ал Жаңа шек каналы арқылы қаладағы бірқатар негізгі көшеге су жіберілді. Атап айтқанда, Аймауытов, Ақпан батыр, Иляев, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы, Толстой, Тәшенов, Қазыбек би, Дулати, Шәймерденов, Желтоқсан көшелері мен Темірлан тасжолы қамтылды.
Сонымен қатар, БМК каналы арқылы Кәусар каналына секундына 120-150 литр көлемінде су жіберілуде.
Мұндағы негізгі мақсат – аптап ыстықтың әсерін азайту, қала көшелеріндегі табиғи әсерді жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру.
Бөлісу