Бүгін Шымкентте «Арманда» бизнес форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жиында медиаменеджер Арман Давлетяров, белгілі дінтанушы, Нұрлан Байжігітұлы, журналист Ләйлә Сұлтанқызы, белгілі продюсер Жан Мұқанов бизнес түрлерін меңгерудің тың тәсілдерімен қоса отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани дамуы тақырыптарында сөз қозғады.
Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.
Алдағы уақытта мұндай форумдар еліміздің өзге де қалаларында жалғасады.