Шымкентте Астана қаласының күндері өтуде

0
2 342

12 мамырда Ақтөбеден басталған көрме он екінші шаһар болып бүгінде Шымкентке табан тіреді


Шымкентте Астана қаласының күндері өтуде

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Астана қаласының күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, Шымкент қаласындағы бейнелеу өнер музейінің залында Елорданың 20 жылдығына орай Астана қаласының Қазақстан өңірлеріндегі күндері аясында «Ақ тілекпен, Астана!» атты көрме ашылды.

Атап айтсақ, 12 мамырда Ақтөбеден басталған көрме он екінші шаһар болып бүгінде Шымкентке табан тіреді. Бұл көрмеге Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік Сарайының қорынан қазақстандық суретшілердің 100-ге жуық жұмысы ұсынылған. Атап айтқанда, А. Ақанаев, Е. Айтуаров, Р. Күлбатыров, А. Смағұлова, М. Бекеев, С. Аллабергенов, Н. Қаржасов, Р. Слекенов, А. Қазығұлов, К. Базарғалиев, А. Сыдыханов, Ж. Мүсәпір, Н. Бубэ, З. Қожамқұлов, Б. Бүрдесбеков, А. Құлбай, А. Смағұлова, А. Есдаулетов, Е. Сидоркин, К. Каметов, Е. Оспанұлы, К. Муллашев, M. Байбосынов, Ө. Тлеулиев, Д. Макин, Д. Нүгер сынды 50-ден астам қылқалам шебері және мүсіншілер Т. Ермеков пен С. Смағұловтың жұмыстары қамтылған.

Сондай-ақ, суретшілердің түрлі стильдер мен дәуірлерді байланыстыратын туындылары әр түрлі кезеңдердегі топтастыру уақытын қамтиды.

Айта кетейік, «Ақ тілекпен, Астана!» шығармашылық жобасы 3 күнге жалғасады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында өтеді. Ендігі кезекте аталған өнер иелерінің туындыларын қызылордалықтар тамашалай алады. Ал 24 қыркүйекте Алматы қаласында қорытынды галаконцерт өтеді деп күтілуде.