Шымкентте аудан әкімдіктері бөлшек сауда нысандарын негізсіз тексерген

0
1 082

Әкімдік мамандары сауда объектілерін тексеруге өкілеттігі мен құзыреті болмаса да, 250-ден астам дүңгіршектер мен үйлердің жанындағы дүкендерді аралаған.


Шымкентте аудан әкімдіктері бөлшек сауда нысандарын негізсіз тексерген

иллюстрациялық фото

Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін белгілеу және анықтау бойынша аудан әкімдіктерінің тәжірибесін зерделеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әкімдік мамандары сауда объектілерін тексеруге өкілеттігі мен құзыреті болмаса да, 250-ден астам дүңгіршектер мен үйлердің жанындағы дүкендерді аралаған.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерлерге бизнес объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну туралы, ал жекелеген жағдайларда дүңгіршектерді бұзу туралы хабарлама берген.

Департаментпен ұсыныстар енгізіліп, заңсыз тексеру практикасы тоқтатылды, хабарламалар кері қайтарылды.