Шымкентте ауруханаға кірген азаматтың көлігін ұрлап кеткен

0
356

Аурузадан шыққан шымкенттік көлігін таппай қалған.


Шымкентте ауруханаға кірген азаматтың көлігін ұрлап кеткен

көрнекілік сурет: avtotachki.com

ERNUR.KZ. Шымкент полицейлері ұрланған көлікті жарты сағат ішінде иесіне қайтарып берді.

Ауруханаға денсаулық мәселесімен келген қала тұрғыны тексерілуден кейін шығып, көлігін таппай қалған. Бұл туралы ол бірден 102-ге хабар берген.

ЖБО инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Opel Vectra-ны жедел анықтап, оны ұстауға патрульдік полиция экипажын бағыттады.

Көлік Абай ауданының аумағында тоқтатылды. Ұсталған азаматты жол полицейлері оқиғаның мән-жайын толық тексеру үшін анықтаушыларға тапсырды. Ал темір тұлпар заңды иесіне қайтарылды.