Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 138,8 млн.
Шымкент қаласында 2020 жылы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 4,9 млрд теңгеге артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде Шымкент қаласында 2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 36,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 млрд теңгеге артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 138,8 млн. АҚШ долларын құрап (қаңтар-қараша), өткен жылмен салыстырғанда 107,5% немесе 9,7 млн. АҚШ долларына артты. Бұл межеленген жоспардан артық көрсеткішті көрсетіп отыр. Бөлшек сауда көлемі 414.7 млрд теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2020 жылы 7,6 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 3,3 млрд теңгеге немесе 1,7 есеге артты.