100 үйірмешінің орындауындағы «Сүйерімсің домбыра» әнімен басталып, дүйім жұртты таңдай қақтырды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар сарайында «Ән-домбыра» үйірме жетекшісі Перизат Сайлауқызының жетекшілік етуімен «Баба мұра –домбыра» атты 100 үйірмешінің қатысуымен қорытынды мерекелік концерті өтті.
Мерекелік концертте 100 үйірмешінің орындауындағы «Сүйерімсің домбыра» әнімен басталып, дүйім жұртты таңдай қақтырды.
Мерекелік концертті «Ән-домбыра» үйірмесінің түлектері Балауса Жәдігер, Әсел Амангелдиева және Бақытжан Аян жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар үйірме жетекшісімен бірге танымал қазақ композиторларының және халық әндерін орындады. Шығармалар жеке орындауда, оркестр құрамында орындалды. Кішкентай домбырашылардың өнерін тамашалаған ата-аналар үйірме оқушыларына үлкен шабыт тілей отырып, болашақта ұлттық аспабымыз - домбыраны әлемдік деңгейде танытатын дарындар болуына тілек білдірді.