Сонымен қоса, діни нысандар, монша, қалааралық-облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысына тыйым салынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында 2 тамыздан бастап карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.
Жаңа қаулыға сәйкес, сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін орындардың қызметіне шектеу қойылды, Ashyq жүйесіне тіркелген болса, 09:00-20:00-ге дейін, жұмыс істейді. Алайда сенбі-жексенбі күндері жабық болады.
Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер қалыпты режимде жұмыс істейді. Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес), жәрмеңкелер және жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына тыйым салынды.
Медициналық орталықтар, стоматология алдын ала жазылу бойынша қалыпты режимде жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына тыйым салынды.
Ұйымдар мен кеңселер коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарды қоспағанда, қызметкерлерінің 80%-і қашықтан, 20%-і күндізгі режимде жұмыс істей алады. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, соңғы үш ай ішінде жазылып шыққан қызметкерлерге күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат берілген.
Сонымен қоса, діни нысандар, монша, қалааралық-облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысына тыйым салынды.
Осы қаулы 2021 жылғы 2 тамыз сағат 00:00-ден бастап қолданысқа еніп, 2021 жылғы 16 тамызды қоса алға,нда заңды күшінде болады.